АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын өсіруге енгізілген мораторий, келесі жылдың көктеміне дейін жалғасады. Мұны Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда бензин арзан саудаланса, шекарадан оны заңсыз өткізетіндер көбейеді. Олар түрлі схемаларды қолданып, өзіміздің өнімді елімізге қайта әкеліп, қымбат бағада сатады.