Республика күніне орай Таразда ұлттық салт- дәстүрді ұлықтауға арналған келіндер сайысы өтті. Мұнда көркіне ақылы сай 5 келін жас отбасылардың бірлігін дәріптеп, қазақы болмыс пен инабаттылықты паш етіп үлкендердің ықыласына бөленді.