Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселе көтерілді. Депутаттар өңірдегі тіл саясатын ілгерілету, ауыл шаруашылығын субсидиялау және инфрақұрылымды жақсарту бағытында нақты ұсыныстарын жеткізді.