Меркі қант қызылша зауыты іске қосылды. Қазір қант шығаратын кәсіпорынның өзінде де, қабылдау пунктінде қызған жұмыс. Егістік алқаптан жеткізілген тәтті түбір тоқтаусыз кіргізіліп жатыр. Кезек күткен көліктер де бар. Дегенменде зауыт басшылары былтырғыдай емес, биыл барлық балтамыр қабылданатынына сенімді.