Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды. Бүгін президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумы жоспарланған.