Тараздың тарихымен танысуға сонау Италиядан туристтер келді. Бұл «Тaraz discovery info tour 2025» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Турдың алғашқы күнінде делегация өкілдері қолөнер және туризм орталығына аялдап, ұлттық өнердің қыр сырымен танысты.