25 қазан – Қазақстанда ұлттық мереке, Республика күні. Бұл дата ел тәуелсіздігі жолындағы маңызды қадам мен мемлекеттіліктің қалыптасуын бейнелейді. Ал Қазақстанның болашағы заң мен тәртіп үстемдігіне негізделетіні аян.

Бұл ретте Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті де әділетті және қауіпсіз мемлекет құру бағытында тиісті жұмыстар атқарып келеді.Құзырлы мекеме өкілдері бірқатар заң бұзушылық фактілерін әшкерелеп, заң мен тәртіп қағидатының қоғамда салтанат құруына өз септігін тигізуде.