Бүгінде Тараз қаласының ауқымы кеңейіп келеді. Сәйкесінше халық саны да көбейюде. Қаланың аумағы үлкейіп, елді мекендер қосылғандықтан, тұрғындар тарапынан қоғамдық көлікке де сұраныс артуда.
Иә, қазіргі таңда шаһарда қоғамдық көлік мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Дегенмен, кей аудандар мен елді мекендерге ӘЛІ ДЕ автобустар қажет.