Ерлік пен елдік – қазақ халқының мәңгілік ұраны. Сол ұранды ұлықтап, ұлт батырларының есімін дәріптеу бүгінгі ұрпақтың парызы.

Биыл қазақ-жоңғар соғысының айтулы қаһарманы Қосы батыр Сәмбетұлының туғанына 355 жыл толып отыр. Осыған орай Байзақ ауданы, Суханбай ауылдық округіне қарасты Қосы батыр ауылында батырдың тойы кең көлемде аталып өтілді.