Енді фермерлерге субсидия мен мемлекеттік қолдау бойынша жасанды интеллект кеңес береді. Яғни, шаруалар үшін қандай тиімді бағдарламалар барын түсіндіреді. Бүгін бұл жөнінде Сенаттың комиссия отырысында Премьер-Министр орынбасары-Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті. Министр әр сала бойынша қолға алынатын жаңашылдыққа жеке-жеке тоқталды.