Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында бір айдың ішінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары тұратын үйлердің тізімін нақтылауды тапсырды. Өткен жылыту маусымында өрттен қаза тапқандардың дені — зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектігі бар адамдар екен. Тағы бір мәселе - ескірген тұрмыстық газ баллондарын пайдалану мен оларды таңбалау жұмысы. Елде газ баллондар өндіру және тозығы жеткендерін жою мәселесі әлі шешілмеген күйінде қалып отыр. Биыл төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт орнынан шамамен мың жарым газ баллонын шығарып, апаттың алдын алды. Ал, үкімет басшысы әлеуметтік тұрғыда осал топтардың баспанасын ерекше бақылауға алуды қатаң тапсырды.