Өңірдегі кәсіпорындарда еңбеккерлер Ассамблеясы құрылып жатыр. Олар еңбек ұжымдарында Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан өкілдік ететін еріктілер тобы болмақ. Ассамблеяның кеңейтілген отырысында облыс әкімі осылай деді. Ербол Қарашөкеев этнос өкілдерін алдағы Республика күнімен құттықтап, татулық пен бірліктің үлгісін, қоғамдық келісімнің үрдісін көрсетіп, ерен еңбегімен еленгендерді марапаттады.