Таразда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы, белгілі тұлға Шәкен Ниязбековтың құрметіне арналған биатл және триатлон турнирі өтті. Дәстүрге айналып келе жатқан бұл жарыс ел рәмізін жасаған қайраткердің есімін ұлықтап, жас буынға патриоттық рух пен табандылықтың үлгісін насихаттауды мақсат етеді.