«Аманат» партиясы әйелдер қанатының бастамасымен «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шарада нәзік жандылардың қоғамдағы рөлі кеңінен насихатталып, ұлттық тәрбиедегі әйел бейнесінің мәні мен ана қадірін дәріптеудің маңыздылығы айтылды.