Лудомания, гемблинг, игроман, құмар ойын – мұның барлығы әлем бойынша жайылып келе жатқан дерт атауы. Осындай аса қатерлі дертті естуіңіз бар ма? Құмар ойынға тәуелділік тәніңізді ауыртып, жаныңыз жапа шекпесе де, санаңызды улап, айрандай ұйып отырған отбасыны тас-талқан етуге құдіреті жетеді.
Мейлі, отбасылы болмаса да, "бойдақпын" деп алшаң басқанның да тұмсығын тасқа тигізгеннің де куәсі болып жүрміз. Ойынға ойсыз құмарларды емдейтін қандай жол бар?