Бүгінде аймақта құрылыс жұмыстары ерекше қарқын алғаны жасырын емес. Жаңа шағын аудандар бой көтеріп, кәсіпкерлік нысандар да көптеп салынуда. Алайда жаңа жобалармен қатар «сақалды құрылыс» пен «қызыл сызыққа» салынған нысандардың да саны артуда. Облыста 152 нысан «қызыл сызық» нормаларын бұзған. Оған қоса неше жылдан бері құрылысы тұралап қалған 51 нысан «сақалды құрылысқа» айналған.

Бұдан бөлек, бірқатар аудандардағы елді мекендердің бас жоспары «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ақпараттық жүйесіне енгізілмеген. Аталған мәселелердің мән-жайы бүгін аппараттық кеңесте қаралды.