Отбасы күніне орай «AMANAT» партиясы «Өнеге отбасынан-мәңгілік адамгершілік құндылықтар» атты салтанатты іс-шара өткізді. Жиында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбиенің үлгісін насихаттау және қоғамдағы татулық пен сыйластықты нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.