Таразда Абай даңғылындағы көпір салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылысы биыл басталған нысанды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда құрылыс аумағындағы 58 үйдің 30-ы сүріліп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Дегенмен, сол маңдағы баспаналарға құрылыстың зардабы тиеді деп тұрғындар әкімдікке уәждерін жеткізген. Бұл туралы бүгін Тараз қалалық мәслихатының кезекті 32-ші сессиясында шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков айтты.