Шағын және орта бизнесті ауылды жерде дамыту мемлекеттік саясаттың бірі. Меркі ауданындағы Андас батыр ауылдық округінде бұрын-соңды болмаған кәсіп түрі ашылды. Жас кәсіпкер Азамат Алпысбаевтың бастамасымен ауылда енді фаст-фуд дәмханасы іске қосылды. Бұл жергілікті тұрғындарға жаңа қызмет түрі әрі тамақтанатын орын.