Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады. Мемлекет басшысы Жолдауда елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеру үшін жүйелі шаралар кешенін қабылдауды тапсырған. Үкіметтің алдына экономикаға, агросекторға және логистика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша нақты міндеттер қойылған. Құжатты Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды. Үкімет басшысы барлық жауаптыларға сапалы жұмыс істеуді және қаржы мәселесін шұғыл шешуді тапсырды.