Қазақстан киносы күніне орай Жамбылда ұйымдастырылған «JARQYRA» республикалық кастингі өз мәресіне жетті. Ел тарихында алғаш рет өткен бұл жоба еліміздің 19 қаласында бір күнде өткізілді. 18 жастан асқан барлық қатысушыларға есік ашық болып, келушілер өз өнерін паш етті. Жобаның басты мақсаты – жаңа есімдерді анықтап, отандық кино саласына жас толқын қосу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іріктеуге қатысқан дарынды жастардың деректері арнайы актерлік базаға енгізіліп, олардың болашақта түрлі фильмдерге түсуіне мүмкіндік беріледі.