Тараз қаласы мен Байзақ ауданында 31 мыңнан аса бүлдіршін балабақшаға ваучер арқылы орналасқан. Аймақта ваучерлерді алу процесі толық автоматтандырылып, «INDIGO24.kz» жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Бұл туралы «Аманат» партиясы облыстық филиалы жанындағы білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес отырысында айтылды.