Енді ұялы байланыс операторлары өз абонентері туралы жалпы деректерді статистика мамандарына беруге міндеттелмек. Бүгін Сенат отырысында инновациялық қызметті қолдау және мемлекеттік статистика саласына өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы қаралып, екі оқылымда мақұлданды. Онда ұялы байланыс операторларына қатысты да өзгерістер бар. Байланыс операторлары абоненттерінің қай жерде, қанша уақыт болғанын анықтай алады. Сондықтан бұл өзгеріс тұрғындардың қоныс аудару, ішкі-туризм ағындарын дәлірек есептеу үшін қолға алынған. Ұлттық статистика бюросы басшысының айтуынша, қазіргі қолда бар ақпараттар толық емес.