Қазақстанда Жасанды интеллект министрлігі құрылмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында мәлімдеді. Президенттің айтуынша, цифрлық технологияларды барлық салаға енгізбейінше ел экономикасын жаңа деңгейге көтеру мүмкін емес. Сондықтан алдағы үш жылда Қазақстан толыққанды цифрлық мемлекетке көшуі тиіс.