Таразда отбасы күні қарсаңында іс- шаралар легі жалғасып жатыр. Соның бірі «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік кеште береке мен ынтымақты сақтап отырған үлгілі әулеттер сахна төріне шығып, көпшілікке үлгі болды. Ән әуелеп, күй күмбірлеп, салтанатты сәт көрермендерге ерекше әсер сыйлады.