Ел Президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Ауылшаруашылығы саласын дамыта түсуге ерекше тоқталып өтті. Биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге бөлініп, инвестицияның жалпы көлемі 2 миллиард доллардан асқан.
Соның арқасында алып зауыттар мен кәсіпорындар да іске қослып та жатыр. Жүзеге асқан тың жобалар Жамбыл облысында да жетерлік. Сондай бір бұршақ дақылын терең өңдейтін өндіріс орны Байзақ ауданында бой көтермекші.