Байзақ ауданындағы Суханбаев ауылдық округіне қарасты Қосы батыр елді мекенінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени нысандарды күтіп ұстау. Сондай-ақ жаугершілік заманда аттан түспеген Қосы батыр Сәмбетұлының ескерткіші маңын абаттандыру – кейінгі буынды отаншылдыққа шақырады -дейді ұйымдастырушылар.