Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында ауылшаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдейтін кәсіпорындар ашып, отандық өнім көкжиегін кеңейте түсу керек екенін атап айтты. Байзақ ауданында биылдың өзінде 3 бірдей зауыт ашылғалы отыр. Соның бірі минералды тыңайтқыш шығаратын зауыт іске қосылып та үлгерді.