Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестік тек экономика мен мәдениетте ғана емес, ғылым-білім саласында да кеңейіп келеді. Бүгін Тараздағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде аспан асты елінің ғалымдарымен кездесу өтті. Келіссөздер барысында қос тарап алдағы бірлескен жобалардың бағыттарын айқындады.