Жамбыл ауданында «DIGITAL AUYL: Жастардың жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық ауыл жастары форумы өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, сондай-ақ Тараз, Шу, Жаңатас қалалары мен барлық аудандардан жүзге жуық белсенді жас қатысты.