Елдегі үздік он колледждің бірі – Таразда! Ол оқу орнында оқитын жастар жай ғана студент емес - олар қазірден кәсіби шеберге айналуда. Студеттер өндірісте тәжірибеден өтіп, нақты көлік бөлшектерін колледжде жасап шығарады. Дуальды оқыту жүйесіне негізделген білім ошағында 2 мыңнан аса студент білім алады.