Жамбыл облысында биыл 6 мың гектар жерге қант қызылшасы егілген болатын. Жақын арада қызылша қазу науқаны да басталмақшы. Өткен жылы балтамыр жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізген шаруалар өнімдерін өткізуде біраз әуре-сарсаңға түскен.
Дегенменде бұл проблема шешімін табатын сияқты. Биыл шет ел инвесторларын тартып, Байзақ ауданында қызылша зауытын салу жоспарланып отыр.