Театр тарихында қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын жазғы демалыстан кейін театрлардың жаңа маусымы басталады. Кеше, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кезекті 90-шы жаңа маусымының шымылдығын түрді.
Театр алдында арнайы дайындалған салтанатты ашылу рәсімімен басталған шара, Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» атты жаңа драмасының премьерасын тамашалауға жалғасты.