Дін басшылары гуманистік көзқарастарды ту еткен бейбітшілік елшілері. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сегізінші съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Себебі, сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұрған уақытта діни дипломатияны дұрыс пайдалану маңызды болмақ. Сонымен қатар Президент әлем күрделі экологиялық қауіп-қатермен бетпе-бет келіп отырғанын айтты. Әсіресе Орталық Азия аймағында салдары ерекше сезілмек. Сондықтан климат өзгерістеріне қарсы күрестегі дін көшбасшыларының рөлі туралы бірлескен құжат әзірлеуді ұсынды.