15 қыркүйекте Тараз қаласында орын алған қайғылы жағдай бәpіміздің қабырғамызды қайыстырды. Бір оқушының өмірін қыршыннан қиған оқиға — қоғам үшін үлкен сабақ. Бұл оқиға жасөспірімдер арасындағы тәрбие жұмысына, ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігіне тереңірек назар аударуымыз керектігін көрсетті. Осыған орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков №39 мектеп-гимназиясы оқушыларымен кездесті.