Спорт күніне орай, Қордай ауданында жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында жекпе-жек түрлерінен Жамбыл облысының ашық чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік спортшылар, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қонақтар қатысты. Чемпионаттың мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, достық пен ынтымақтастықты нығайту.