18 тамыз, яғни бүгін – осы ел тыныштығы үшін күндіз-түні күзетте тұрған шекарашылардың кәсіби мерекесі. Шекара қызметінің құрылғанына биыл – 33 жыл толып отыр.
Еліміздің шекаралық қауіпсіздігі - мемлекетіміздің тұрақтылығы мен болашағының негізі. Осы ұлы міндетті жүзеге асыруда ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті кешенді жұмыстар атқарып келеді.