Алматыда Біріккен ұлттар ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған өңірлік орталығы ресми түрде жұмысын бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш қол қою рәсіміне қатысты. Нысан аймақтың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ, аймақтағы елдер экономикасының орнықтылығы мен қарқынын күшейтуге, өңірлік инновацияны дамытуға және ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған іс-қимылдардың қозғаушысы болады. Ал, Ауғанстанның бейбіт өмірі мен орнықты дамуы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызға ие, - деді мемлеет басшысы.