2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама – еңбек нарығындағы сұранысқа ие техникалық және жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Осыған орай, Мойынқұм ауданындағы №8-ші Мойынқұм колледжінде аудан мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары мен 34 жасқа дейінгі жұмыссыз, «NEET» санатындағы жастарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.