Биыл Тараз аумағының көлемі кеңейіп халық саны 482 мыңға жетті. Нәтижесінде қала аумағы екі ауданға бөлінгені баршамызға аян. Енді шаһарды заманауи келбетпен абаттандырып, көгалдандыру негізгі міндет. Аталмыш тақырыпта өткен республикалық семинар кеңесте Астана қаласының кешенді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы таныстырылды.