Премьер-министр Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық және гуманитарлық бастамалар мен жаһандық қауіпсіздікті нығайту жолында бірлесе күш жұмылдыру жайын талқылады. Оған қоса «Хирошима – Семей» бастамасын жалғастырудың, сондай-ақ өзара білім алмасудың маңыздылығы атап өтті. Сондай-ақ, екі жақ ядролық қаруды таратпау туралы шарттың алда өтетін Шолу конференциясы шеңберінде де, бірлескен жұмысқа әзір екендіктерін айтты. Былтыр Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы $1,8 млрд-қа жетті. Бүгінде елімізде 60-тан астам жапондық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Соңғы 20 жылда жапон бизнесі Қазақстан экономикасына шамамен $8,3 млрд инвестиция салған.