Жамбыл өңірі талай талантты футболшыларды өмірге әкелген. Сондықтан да аймақтың бұл саладағы әлеуеті зор. Алайда, Әулиеата футболшыларының бүгінгі жағдайы қандай? Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов «Тараз» футбол клубының құрамымен кездесіп, аймақ футболының дамуы жөнінде ашық форматта кездесу өткізді.