Бүгін Жамбылда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды.Үздік атанған әулеттерге сый-сыяпат пен сертификаттар табысталды. Ел аумағында өтетін бұл байқау қоғам назарын отбасы құндылықтарын сақтауға шақырып, өнегелі істерді дәріптейтін бірегей жобалардың біріне айналды.

Салт-дәстүрге берік, бірлік пен татулықты ұлықтаған өңірдің жарасымды отбасыларын аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев құттықтап, марапаттады.