Былтыр елімізде өндірістік қауіпсіздіктің сақталмауынан жұмыс орнында 200-ден астам адам қаза тапқан. Жазатайым жағдайлардың басым бөлігі тау-кен саласында болады. Бүгін Үкімет отырысында оқыс оқиғаларды болдырмау, алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар тағы бір пысықталды.