А.Әшімов атындағы шахмат турнирі 12.06.2025 19:40 Бүгін Таразда Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың жүлдесіне арналған XII облыстық ашық шахмат турнирі өз мәресіне жетті. Жасөспірімдер арасындағы жарыстың қорытынды сәтіне халық әртісі Асанәлі Әшімовтың өзі келді.