Ең асыл әрі қиын мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші. Бұл жай жұмыс емес, қауіппен бетпе бет келіп, қатерге бас тігу деуге де болады. Өзге өмірді өзінікінен жоғары қоятындарға қоғамда құрмет ерек. Сондай құрмет пен қошеметке лайықты жанның бірі Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру кезекші қызметінің азаматтық қорғау подполковнигі Арман Сартаев.