2-3 мамыр Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» фестивалі өтеді. Халықаралық деңгейдегі іс шараға қазір дайындық басталып кетті. Өңірдің табиғи байлығын, туристік әлеуетін таныту маңызды. Сонымен қатар, әйгілі Грейг қызғалдағының отаны ретінде әлемдік қауымдастықтың назарын аудару- туризмді түлетуге сеп болар деген үміт бар.