Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. "Таза Қазақстан" экологиялық феститваліне қатысқан Президент осылай деді. Жалпыхалықтық акция аясында бүгінге дейін атқарылған жұмысты қорытындылап, белсенді жастарға алғысын айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев экофестивальге арналған көрмені тамашалап, тың жобалармен танысты. Оңғар Алпысбайұлы тарқатады.