Баласағұн орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін» атты облыстық патриоттық әндер байқауы өтті. Шараның мақсаты ардагер өнерпаздардың шығармашылығын насихаттап, олардың отанға деген сүйіспеншілігін әндер арқылы жеткізу. Байқауға облыстың бірқатар аудандарынан келген өнерпаздар қатысып, патриоттық рухтағы әндерін тарту етті.