Кеше тараздықтар «Танакөзді» тамашалады. Мұхтар Шахановтың шығармасы Тоқпанов атындағы облыстық театрда сахналанды. Достық пен махаббат таразыға түскен туындыны Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры қойды. Поэма авторы Мұхтар Шаханов та көпшілікпен бірге спектакльді көрді.